Қазақстанда 45-ке толмаған «ең адал 100 адамның» тізімі жасалады

Қазақстанда 45-ке толмаған «ең адал 100 адамның» тізімі жасалады

Үміткер сотталмаған, «халық малын емес, қамын жейтін» патриот, қоғамда беделі бар азамат болуы шарт. Жасы 45-тен аспауы тиіс.

Фото : социальные сети

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталағы» қоғамдық бірлестігі «Адал қазақстандықтандың» тізімін жасамақ, деп хабарлайды old.zannews.kz.

Бұл тізімге мемлекеттік қызметшілермен қоса , квазимемлекеттік сектордың, жеке компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін енгізу болжанып отыр.

Егер Президенттік кадрлық резервке мемлекеттік орган іріктеу жүргізсе, «Адал қазақстандықтардың жүздігі» жобасы ол қоғамдастықтың іріктеуінен өткен адамдар болады.

Іріктеу критерийлері соншалықты қатаң емес. Бірақ үміткер барынша адал және парасатты, мемлекеттік тілді жетік білетін, сотталмаған, «халық қамын жейтін» патриот, қоғамда беделі бар азамат болуы шарт.

Кандидаттарды таңдан процессі ашық және әділдік қағидаты негізінде өтеді. Тізімге кіретін азаматтардың жасы 45-тен аспауы тиіс.

Қазіргі уақытта қоғамдық ұйыммен Іріктеудің ережелері егжей-тегжей қарастырылуда.

Дауыс беру old.zannews.kz сайтында өтеді.

Болжам бойынша «жүздікке» кірген азаматардың жеке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары болуы қажет. Айына екі маңызды шара өткізу көзделеді. Яғни ол өзінің іс-әрекетімен қоғамға шарапаты мен пайдасы бар жұмыс жасайды деп күтілуде.

Тізімге енген кейбір азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталағы мен басқа да қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен Үкіметке «адал және іскер тұлғалар» ретінде мемлекеттік қызметке ұсынылады. Бұға қоса, түрлі шешім шығарушы комиссиялардың құрамына енгізуге, әдеп жөніндегі уәкіл, комплаенс-офицер болуға да ұсынылады.

Кандидаттарды таңдау үшін 20 қоғамдық ұйымдардың лидерлерінен тұратын комиссия құрылмақшы. Олар Ережеде бекітілген талаптарға сәйкес әрбір үміткерді зерделеп, іріктеуге қатысуына рұқсаттама береді.

 

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш канал: t.me/zannews.kz

Вам также могут понравиться

Тюремный срок заменили штрафом в 666 тысяч тенге

Неотбытый срок наказания экс-заместителю акима Павлодарской области Арслану Абдыкалыкову, осужденному на 5 лет, заменили на штраф в 666 тыс. тенге, сообщает со ссылкой КазТАГ новостной портал Nur.kz. «Рассмотрено ходатайство (Абдыкалыкова

Появилось видео получения взятки судьей в Туркестанской области

Окончательное решение о степени виновности подозреваемого, будет принято судом. Антикоррупционной службой Туркестанской области совместно с отделом внутренней безопасности и предупреждения коррупции Верховного Суда РК пресечен факт взяточничества судьей специализированного административного

Экс-директора филиала «КазАвтоЖол» оштрафовали на 120 миллионов тенге за взятку

Петропавловский городской суд вынес приговор главному фигуранту дела о взяточничестве. В качестве наказания экс-директор филиала «КазАвтоЖол» Аскар Жанкин выплатит 119 миллионов в пользу государства. Сумму снизили на 1 миллион за