Әкімдік қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығы – заман талабы

Әкімдік қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығы – заман талабы

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов Атырау облысы Индер, Махамбет аудандарындағы «Ашық әкімдік» фронт-офистерінің жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.

⠀ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің ұсынысымен облыс, қала және аудан әкімдіктерінде «Ашық әкімдік» фронт-офистері ашылуы тиіс болатын. ⠀

Бүгінгі таңда Атырау облысында аталған жұмыстар жеткілікті деңгейде жүргізілмей келеді. Атап айтсақ, Индер ауданында «Ашық әкімдік» фронт-офисі жаңадан ашылса, Махамбет ауданындағы фронт-офис қызметі дұрыс жолға қойылмаған. ⠀ Атырау қаласы және қалған аудан әкімдіктерінде «Ашық әкімдік» фронт-офистері ашылмаған. Әкімдік ғимараттарының фронт-офис талаптарына сәйкес келмеуі, ғимараттардың тарлығы мен ескілігі және қосымша бюджет қаржысының қажет болуы бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға қол байлау болып отыр. ⠀

Әкімдік жанынан фронт-офистерді ашу бюджеттен қосымша шығын қажет ететіндігін ескеріп, облыс әкімдігіне ұсыныс берілді. ⠀ Себебі, «Ашық әкімдік» фронт-офисі әкімдік ғимараттарының бірінші қабатында орналасып, офисте тұрғындар үшін арнайы электронды кезек залының қызмет етуі, келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi желісі мен төлем терминалдары, арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар орнатылуы, әкімдіктің тұрғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс істеуі үшін open space залдары құрылуы тиіс.

Офисте мамандар келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелер бойынша кеңестер беріп, тұрғындар арасында туындаған көкейкесті мәселенің жедел әрі тиімді жолмен шешетін ашық диалог алаңына айналуы қажет.

 

 

 

Подписывайтесь на наш канал: t.me/zannews.kz

Вам также могут понравиться

Поправка «Запрет детям и супругам депутатов постоянно жить за границей» отклонен Госдумой. Почему?

Впереди апрель и в Конституции РФ возможно появиться много новых поправок. Но пока время идет, есть возможность предложить свои поправки и одна меня очень удивила. Прилетела от КПРФ. Касается депутатов

Вопросы противодействия коррупции обсудили в акимате Жамбылской области

За три месяца нынешнего года в суды направлено 27 дел с коррупционной составляющей, к уголовной ответственности по этой части привлечено 28 лиц. В акимате Жамбылской области прошло заседание комиссии по

Как предпринимателям оформить форс-мажор в период карантина и режима ЧП

Также министр Бекетаев подчеркнул, что несмотря на введенный на сегодняшний день режим «Атамекен» будет внимательно рассматривать каждый случай. Традиционно форс-мажор в период режима ЧП или других непредвиденных случаях оформляется через